7.09.2023, 12:45
Оқылды: 47

Қазақстанда балалар өгей әкесімен тұратын отбасылар жаппай тексеріледі

Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

C4D22193-92B7-4749-B55E-AE37AD6206BD

Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама жасөспірімдердің өмір сүру жағдайын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында ведомство қызметкерлері қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады. Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп мәлім етті ведомство.

Жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале