7.09.2023, 18:15
Оқылды: 84

Казталовта әлем чемпионымен кездесу өтті

Бүгін Казталов ауданында самбодан әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Нұрбол Серіковпен «Әлем чемпионы туған жер төрінде» атты кездесу өтті.

662935E0-C703-4E48-810C-BB1305A7AA02

Оған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысып, спортшыға сәттілік тілеп, ауданның «Құрмет грамотасымен» марапаттап, иығына шапан жапты.

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде спортсүйер балалар мен жасөспірімдер әлем чемпионына көкейдегі сұрақтарын қойып нақты жауаптар алды. Нұрбол Нәсіпкерейұлы кездесу барысында жеңісті сәтімен және болашаққа жоспарларымен бөлісті.

– Еңбегімізді елеп, ескеріп жатқан жергілікті атқарушы билік өкілдеріне алғысым шексіз. Жалпы қандай жарыс болмасын мен жеңісімді еліме, туған жеріме арнаймын. Сонымен қатар биік белестерді бағындыруыма себепші болған алдымен ата-анам, әжем, туған ауылым және алғашқы бапкерім Жеңіс ағай. Әр жеңістің артында үлкен еңбек, халықтың үміті жатыр. Мен бұл жетістіктеріммен тоқтап қалған жоқпын. Қазіргі таңда Арменияда өтетін әлем біріншілігіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын, - деді чемпион.

257E8C1E-9B74-4B6E-A6CE-8EF74AB1D601

Кездесуде спортшының алғашқы бапкері Жеңіс Стамғазиев сөз алып шәкіртінің спортқа деген қызығушылығы, жеңісті сәттері жөнінде айтып берді. Ал облыстық мәслихат депутаты, жерлесіміз Самат Хамзаұлы аудан жұртшылығы атынан тұлпар мінгізді. Сөйтіп әкім бастап, елі қостап чемпионға құрмет көрсетті.

64ACE5DA-5016-4F1C-9D09-8658BB545144

Кездесуден соң чемпион боз кілемде жас самбошыларға жеке әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале