8.09.2023, 10:18
Оқылды: 46

Белгісіз біреулер депутат Базарбектің баласының коляскасын өртеп кетті

Бұл туралы депутат әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

базарбек

Коллаж: ulysmedia.kz.

 «Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!» - деп жазды ол.

Бақытжан Базарбектің өзі мәжілісте жер мәселесін жиі көтереді. Екі күн бұрын ғана бір топ сенатордың «жер кодексіне күмәнді және аса қауіпті түзетуді ұсынып» отырғанын, сенаторлар қорғалатын табиғи аумақтардың бір бөлігін ауылды елді мекендердің құрамына ауыстыру мүмкіндігін беруге тырысып жатқанын мәлім еткен еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале