8.09.2023, 11:14
Оқылды: 39

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қайсысы сәл арзандады

Ұлттық статистика бюросы қыркүйек айының басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгергені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
77e08a1a93e64ed59dcb4a4d42cd2369
Сурет: pxhere

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% төмендеген. Дегенмен жылдық көрсеткіште әлі де өсім (6,5%) байқалады.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар тізімдегі кейбір өнімдердің бағасы айтарлықтай арзандаған. Атап айтқанда, пияз (-4,7%) бен картоп (-2,7%) арзандады. Қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн, қант та арзандаған.

Күріш қыркүйек айының басында айтарлықтай қымбаттады (+1,1%). Сонымен қатар Қазақстанда сары май, жұмыртқа, сәбіз, сүзбе, айран, тұз, сиыр және тауық етінің бағасы көтерілді. Нан мен сүттің құны өзгерген жоқ.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале