8.09.2023, 17:15
Оқылды: 53

ШЫҰ: 2024 жылы Қытайда терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығу өтеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ласкестік әрекеттерге қарсы күрес іс-қимыл әрекеттеріне арналған кезекті отырысы Қытайда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

90E2CE4E-9E3D-4A92-A4A7-3CDB52E4AEF4

Сурет: sputnik.kz

Бүгін Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 40-шы отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушы елдер бірлескен мәлімдеме жасады.

«Бүгінгі кеңесте терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы күрес мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдердің іске асырылу барысы қаралды. Лаңкестік әрекеттерге қарсы іс-қимыл және сараптамалық топтардың өзекті мәселелер бойынша жұмыс жоспарлары бекітілді. Әуе жолаушылары туралы алдын ала ақпарат жүйелерін пайдаланудың халықаралық тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ ШЫҰ мемлекеттерінің осы саладағы ұлттық тәжірибесін талдау қорытындылары мақұлданды», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев бірлескен мәлімдемені оқи отырып.

Мәлімдемеде айтылғандай, отырыста терроризмді қаржыландыру арналарының жолын кесу және анықтау, сондай-ақ қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық мәселелері де сөз болды.

«Үндістан аумағында практикалық ынтымақтастықты күшейту үшін интернет желісін террористік және экстремистік мақсаттарда пайдаланудың жолын кесу бойынша практикалық семинар мен терроризмге қарсы оқу-жаттығу жоспарланған. 2024 жылы ҚХР аумағында терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығу өткізу туралы шешім қабылданды. Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу басталды. ШЫҰ елдерінің лаңкестік тақырыбына арналған кезекті отырысты Қытайда өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Руслан Сейсембаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале