8.09.2023, 17:00
Оқылды: 11

Қазақстанда 80 мыңға жуық жас интернет арқылы деструктивті қоғамдастыққа қосылған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев лаңкестік және экстремистік ұйымдардың әлеуметтік желілерді өз мүддесі үшін пайдалану қаупі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5F6E02E2-E3DB-46F1-84EA-4C4CFFC75D86

«Халықты радикалдандырудың тағы бір маңызды факторы - терроризмді интернет арқылы насихаттау. Интернетті қолданушылардың белсенділігі терроризм мен экстремизм идеологтерінің үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жағдай жасап отыр. Бүгінде бұл – әсіресе жастарды радикалдандырудың негізгі факторы. Цифрлы ортада халықаралық террористік ұйымдар халыққа деструктивті ақпараттық насихат жүргізіп, психологиялық әсер етуі үшін пайдаланатын желілік инфрақұрылым құрылды», - деді Руслан Сейсембаев елордада өтіп жатқан ШЫҰ кеңесінің 40-шы отырысында.

Оның айтуынша, сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте жұмыс істейтін 10 мыңға дейін экстремистік электронды алаң бар.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы деректер алмасу, экстремистік материалдарды тарату, сондай-ақ террористік қызметті басқару құрылады. Өкінішке қарай, ең осал және террористік қауіпке жиі ұшырайтын санат – жастар. Тек биыл ғана Қазақстанда деструктивті қауымдастықтардағы жастар арасынан 80 мыңға жуық желі пайдаланушысы анықталды. Олардың ішінде 6 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған. Бұл мәселені шешу үшін ШЫҰ елдерінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл жұмысын одан әрі жетілдіре түсу қажет», - деп толықтырды спикер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале