9.09.2023, 14:49
Оқылды: 84

Аламанның бас бәйгесі Маңғыстауға кетті

"Жайық жүйрігі – 2023" жарысының ең қызық тұсы 21 шақырымға созылған "Аламан бәйге" еді. Талай бәйгеде жүлде салып, біраз жарыста дес бермеген қылқұйрықтар ат жарысын көрмекке келген жұрттың үйге асықпауының мәні де сол болса керек.

IMG-20230909-WA0017

Қиқуға қиқу қосқан көпшілік қарасы шабандоздың да, жүйріктің де арқасын қоздырды. Көп алдына келген сайын бас бермей, жазыла шапқан жүйріктер соңғы айналымға дейін қапталдаса келді. Нәтижесінде бірінші орын Маңғыстау облысынан келген Талғат Жақиевтің "Ұлытауына", екінші орын атыраулық Алдонғар Мырзағалиевтің "Нарқасқасына" бұйырса, үшінші орын Жайық елінің намысын бермеуге бекінген бәйтеректік Жасұлан Көбеевтің "Пуля" атты жүйрігіне бұйырды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале