Ұлттық статитиска бюросының мәліметінше, 2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін кеміген. Бұл туралы Ұлттық арна телеграм-каналына жазды.
Сурет: amin.kz
Өңірлер арасында некелесушілердің ең жоғары көрсеткіші – Астанада, ең төменгісі – Ақмола мен Абай облыстарында.
Неке санының төмендеу факторларының бірі — некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты, дейді Ұлттық статистика бюросы.
Елімізде ерлер үшін некеге тұрудың орташа жасы (алғашқы неке) 28 жас, әйелдер үшін — 25,2 жас.