11.09.2023, 10:15
Оқылды: 19

2027 жылға дейін Қазақстанда 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ

ҚР Үкіметінің қаулыларымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

30127C43-863F-4FEC-8A9E-69F03B086BC6

Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. Бұған дейін Министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді.

10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған. Осы мақсаттарға 1,7 трлн теңге жоспарланған.

20EF36FF-9571-4766-B217-751A0E7D6877

Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Қаратауда шамамен 50 млрд теңге – бюджеттен тыс ақша.

Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Арқалықты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылған.

Балқаш қаласында Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ға, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-дан кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 млрд теңге болады деп күтілуде. Шағын және орта бизнес нысандарының саны, олардың өнімдерінің көлемі және жұмыс орындары біраз көбеймек.

Ал әуежай реконструкцияланғаннан кейін туристер ағыны мен іскерлік белсенділік 4 есе артады деп болжанып отыр. 2027 жылға дейін атмосфераға таралатын зиянды шығарындылар 78,5 мың тоннадан 50,2 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде.

742A269E-28E2-461F-BD1A-CEA75973C595

Ақмола облысының Степногорск қаласында өнім шығаруды 71 млрд теңгеден 90 млрд теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығындағы ЖІӨ көлемін 10%-ға арттыру көзделіп отыр. 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Медицина қызметкерлері жаңа медициналық колледжде дайындалатын болады. Орталық қалалық ауруханаға күрделі жөндеу және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ жылумен және электрмен жабдықтау мен кәріз желілерінің тозу деңгейін төмендету жоспарланып отыр. 15 аула аумағын абаттандыру есебінен балаларға қолайлы жағдай жасалады. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 27 моноқаланың әрқайсысының тұрақты экономикалық өсімнен бастап тоқырауға дейін даму перспективалары әртүрлі екенін атап өтті. Олардың кейбірі нарыққа бейімделіп, экономикасын әртараптандырып үлгерді. Бірақ жалпы даму жолындағы теңгерімсіздік айқын. 

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр.

Жол картасында Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озық даму аумақтарын құру және т.б. мәселелер көзделген.

Анықтама: Қазақстанда 89 қала бар, оның 27-сі – 1,4 млн халқы бар моноқалалар. Олар өнеркәсіп өнімдерінің шамамен 40%-ын өндіреді.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында 5 моноқалада 2 806 жұмыс орнын аша отырып 214,3 млрд теңге сомаға 14 «зәкірлік» жоба іске асырылуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале