11.09.2023, 12:00
Оқылды: 60

Самбодан Әлем чемпионаты: Дариян ауылының әкімі жүлдегер атанды

8-10 қыркүйек аралығында Орал қаласында спорт шеберлері арасында самбодан өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғаған жерлесіміз, Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов 79 келі салмақта жүлдегер атанды.

D4808E01-E0EA-43CC-B946-7F730C446615

Облыс орталығында болған байрақты бәсекеде 15 елден келген 600 палуан өз бақтарын сынады.

Бозкілемде Тілек Насырұлы Ресей, Монғолия және еліміздің спортшыларымен белдесті. Ол жартылай финалда ресейлік Александр Тихоновтан ұпай санымен ұтылып қалды. Қола медаль үшін болған бәсекеде отандасымыз Самат Құрмановпен күш сынасып, оны 3:1 есебімен жеңді. Сол көрші елдің палуанынан оралдық Аманғали Қалмағамбетов ақтық сында айласын асырды.

– Бұл сайысқа соңғы екі ай бойы жүйелі түрде дайындық жасадым. Сол нәтижесін берді деп ойлаймын. Мақсатым үздік үштікке кіру еді, соған қол жеткіздім. Бұдан бұрын екі рет әлем чемпионатына қатысып жүлдесіз қалғаным бар. Осы жолы ел қоржынына медаль салғаныма қуаныштымын. Бізді осы жарысқа дайындаған жаттықтырушыларға айтар алғысымыз зор, - деді Тілек Насырұлы.

Айта кетейік, Тілек Кәкенов он жылдан астам уақыттан бері тұрақты түрде спорт шеберлері арасында болатын ел, Азия, Әлем чемпионатарына қатысып келеді. Биылғы жыл ол үшін жемісті болғаны анық. Дариян әкімі Семейде өткен Қазақстан чемпионатында күміс, Астанада болған Азия чемпионатында қола медаль еншіледі.

Динара Ғизатова

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале