Кейіннен, Исатайға қарсы әрекеттің басы ретінде подполковник Меркуловтың отрядын Исатай ауылын шабуға аттандырды. Батыры жоқ ауылды қуғыншылар көп ұзамай қуып жетеді. Жайлауында 40 шақты малы жүрген қараша киіз үйлердің жатағына тап болған қуғыншылар олардың Исатай батыр ауылы мен отбасы екенін анықтаған соң бірден тұтқынға алады. Ондағы ойлары Исатайды өз еркімен қолға түсіру.
Сонымен ауылының Меркулов отряды қолына түскенін естіген Исатай батыр хан ордасын тастай, отбасын құтқару үшін аз топпен ауылына кері шабады. Оларды тұра қуған Исатай көп ұзамай қуып жетіп, олардың жүрістеріне жол бермей, патша әскерінің алды-артына өрт қойып Меркуловты қоршауға алып қорқыта бастайды және отбасы мен ауыл адамдарын тұтқынан азат етеді.
Ол, туралы кейіннен Меркулов: «Қазақтармен соғысып бірнеше адамымнан текке айырылғанша тыныш болайын деп, Исатайдың үйін де, отбасыларын да, мал мүлкін де, түгел қайырып бердім. Оның тобы сосын барып өз жөндеріне кете барды», - деп жазды.
Исатайдың бұл ерлігі көтерілісшілерге дем беріп, батырды қолдаушылар көбейе бастады. Исатай болса «халықтың тілегін орындамаған ханмен, бітім болмайды» деп, халықтық басқаруды талап етті. Бірақ та Ордаға келген Гекке бастаған патша отрядтары Исатай жасағын жан-жақтан қоршай қаумалап көтерілісшілердің кеңістігін тарылта берді.
Зұлхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz