6.06.2026, 9:30
Оқылды: 21

Ауыл мұғалімі мемлекеттік марапат алды

Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округіндегі А. Тихоненко атындағы орта мектептің мұғалімі Қайрат Каукиев мемлекеттік марапатқа ие болды.

image-06-06-26-12-29

Ол ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін  Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қолынан «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін тағып қайтты.

Қайрат Қаржаубайұлының білім беру ісіне қосқан еңбегі ұшан-теңіз, сансыз шәкірт тәрбиелеп шығарған оның кәсіби біліктілігі, ізденісі мен табандылығы еңбек ұжымына аян. Ұстаз өз мамандығына берілген жан ретінде білім ошағында да, ауылдастары арасында да, шәкірттер жүрегінде де орынды сый-құрметке бөленіп келеді.

                                                                                                                             Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале