11.09.2023, 14:30
Оқылды: 49

Махамбет Өтемісов университетінде форсайт-мектеп ашылды

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ҚР Үкіметі бекіткен 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына енген «Мамандығым – болашағым» жобасы шеңберінде форсайт-мектептің ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

7A36F04D-02C3-4BB2-9316-9CB058292717

Форсайт-мектептің ашылуына (онлайн) қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 5 жылда өңірдің кадрлық қажеттілігіне форсайт-зерттеулер жүргізудің, әр өңірде мамандықтар бойынша кәсіптер атласын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ведомство басшысы кадрларды даярлаудың өңірлік жүйесін жергілікті сұраныспен байланыстыру, университетте ғылымды дамыту, жастарды ғылымға тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру, цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды.

Іс-шараға БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев, жоо ректоры Нұрлан Серғалиев, академиялық ұтқырлық орталығының форсайт-мектебі бойынша жобалау тобының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, облыстық білім беру басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында университет басшысы жобаны іске асыру өте маңызды, өйткені бұл өңірді кадрлармен қамтамасыз ететін жетекші оқу орны екендігін атап өтіп және қатысушыларға жаңа қажетті дағдыларды игеруге сәттілік тіледі.

Айта кету керек, жоба аясында Батыс Қазақстан облысын кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандарты әзірленетін болады. Батыс Қазақстан облысын озыңқы кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандартын әзірлейтін жергілікті жобалық кеңсе ретінде М.Өтемісов атындағы БҚУ айқындалды.

Университет форсайт мектебінің қатысушыларын бес күн бойы ғылым және жоғары білім министрлігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен оқытады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале