Мароккодағы жер асты дүмпуінен опат болғандар саны 2862-ге жетті. Жарақат алғандар қатары 2,5 мыңнан асады. Бұл туралы 24.kz жазды.
Сурет: pixabay
Өкінішке қарай, өлім-жітім статистикасы мұнымен тоқтамайтын сыңайлы.
Өйткені үйінді астында қалып қойған адамдар бар болуы мүмкін. Осыған байланысты елдегі құтқару операциясы қауырт жүріп жатыр.
Еске салсақ, 8 қыркүйекте Мароккода жойқын жер сілкінісі тіркелді. Оның арты афтершокқа ұласып, ахуал одан сайын ушыға түсті.