12.09.2023, 17:45
Оқылды: 77

Ұзынкөлдіктер әкімді қимай шығарып салды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов пен аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған Бекежан Шарафутдинов Ұзынкөл ауылының тұрғындарына арнайы барды.

D59ACB42-8670-49C1-8113-4CCC8D9EA24A

Аудан басшысы Тимур Серікұлы жаңа қызметке ауысқан Бекежан Биболатұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сөз кезегін тұрғындарға берді.

Осы кезге дейін Ұзынкөл ауылының әкімі болған Бекежан Биболатұлы алғыс арқалап қайтты. Ауыл ақсақалдары батасын берді. Жұртшылық ризашылығын білдіріп, игі тілектерін айтты.

EB573171-8F29-4CD6-9CE2-FC6874AD9209

Кезекпен сөз алған тұрғындар ауыл әкімінің атқарған қызметіне дән риза. Алдағы жоспарларды айтып, аудан әкімінің жаңа аппарат басшысына қимастықпен қарады. Кездесу соңында көз жасына ерік берген жандардың қатары көп болды.

1472097E-B518-4C13-8660-66EC5E193C31

Дегенмен аудан басшысы осындай еңбекқор, жауапкершілікті сезіне білетін мамандар биіктей түскені жөн деген ойын білдіріп, желтоқсан айында өтетін ауыл әкімін сайлаудан қапы қалмау керектігін жеткізді.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале