13.09.2023, 9:00
Оқылды: 52

Қарашығанақ кен орнында өндіріс неліктен азайды? Министрлік өкілдері жауап берді

Энергетика министрлігі өкілдері Қарашығанақ кен орнында мұнай мен газконденсатын өндіруді неге азайтқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6DD4281B-412A-4274-8487-0504A697BF54

Сурет: Tengrinews.kz

11 қыркүйекте «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» кен орнында өндіріс 3,3 мың тонна болды, бұл 10 қыркүйекпен салыстырғанда 27 мың тоннаға аз.

«Қарашығанақ кен орнында 11-15 қыркүйек (5 күн) аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ГКДҚ-3 газын кешенді дайындау қондырғысы толық тоқтатылды. ГКДҚ-3 ГӨЗ 3-ті кезекті жөндеу жұмыстары мен газды нөлдік қабылдауғабайланысты тоқтатылды», - деді Энергетика министрлігі өкілдері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале