13.09.2023, 11:15
Оқылды: 64

«Қаптаған ақбөкеннің кесірінен 18 млн теңге шығынға ұшырадым» – жеке кәсіпкер

F8D70795-5ADE-4A8D-B050-037288EB08FD
Соңғы жылдары е
гін егіп, бірнеше миллион теңге шығынға ұшырап, басын ұстаған шаруалардың үміті биыл үзілгендей. Әсіресе, Жәнібек ауданы киіктің төлдеп, қоныстанған жері десем, қате айтпаймын. Жалпы облыс бойынша алты аудан киіктен зардап шегуде. Бірнеше жылдан бері судан шөбін егіп келемін. Биыл 350 гектар жерге ектім. Соның 250 гектарын киік тапап кетті.

Қоршадық. Қоршағанмен болмады. Бәрібір киік көк шөпке келе береді. Бір ауыз тигесін, қайта-қайта егіндікке келе береді. Қуып та көрдік. Тіпті «Охотзоопромның» мобильді тобы келіп көмектесті. Еш нәтиже болмады. Биылдың өзінде 18 млн теңгеге шығынға ұшырадым. Жалпы облыс аумағында мыңның үстінде шаруа қожалық мал азығының жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр. Облыс бойынша шығын 8 млрд теңгені құрайтын көрінеді. Облысқа көмектесу мақсатында бүгінде үкіметтен өтемақы төлеуді талап етіп отырмыз.

Себебі қазіргі таңда мал азығын дайындауда жағдайымыз өте қиын. Күні кеше Астана қаласында халықаралық сарапшылардың үш күндік жиыны өтті. Соған өзім қатысып келдім. Сол сарапшылардың өздері де киік санын реттеу керектігін айтып отыр. МәселенАвстралияда кенгурудың, Мексикада жабайы жылқылардың санын реттеп отырады екен. Сол себепті бізде де осындай реттеулер болу керек. Реттеу дегенде де, оны өзіміз тиімді пайдалануымыз керек. Киіктің еті адамның денсаулығына пайдалы. Егер осы мәселе қолға алынса, киіктің еті, терісі, сүйегі, мүйізі елдің экономикасына біршама көмегін тигізер еді. Киіктің саны тіпті 20 млн болса да қарсы емеспіз. Бірақ оны міндетті түрде реттеп отыру керек.

Бауыржан Сабанов, жеке кәсіпкер

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале