«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Мемлекеттік бағдарламалардың операторы – субсидия, кепілдік, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы, жеңілдікпен несиелеу құралдары арқылы қолдау көрсетеді.
Сурет: kapital.kz
Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бастап бүгінге дейін бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі сүйемел көмек – тегін. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» қоры бүкіл Қазақстан бойынша несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті.
Жобалар әртүрлі салаларды қамтиды.
Бұл – мемлекеттің экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түрлеріне көңіл бөлетінін көрсетеді. Әсіресе отандық өнім шығарушылар, IT-технология, аграрлық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру саласына басымдық беріледі.
Қор өндірілетін өнімі мен қызметін сапалы деңгейге көтеруге қабілетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл – болашақта ол тауарлардың импортты алмастырып, бәсекеге түсе алуына оң әсер етеді, тіпті экспортқа шығуына мүмкіндік береді.