Еліміздегі 4 мыңнан астам жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие беріледі. Жалпы, кәсіп ашқысы келетін не оны кеңейтуге ниетті жастардан осы уақытқа дейін 6 мыңнан астам өтінім түскен, деп хабарлайды «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы.
Жоба ұсынғандардың көбі – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тұрғындары.
Несиенің басым бөлігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларына берілді.
Жыл соңына дейін тағы 1,5 мыңнан аса жобаға микрокредит беру қарастырылған. Қарыз мөлшері 5 млн теңгеден аспауы тиіс. Оны 5 жылға дейін бөліп төлеуге болады.
zhaikpress.kz