15.09.2023, 9:45
Оқылды: 40

Оралда 15 қыркүйектен бастап судың бағасы өспек

Бұрын тұрғындар тіршілік нәрінің текше метрін 45 теңге 80 тиыннан алып келсе, енді 68 теңге 70 тиын болады, деп жазды 24.kz.

AE9C7960-13F9-4939-8A44-825F4C49C6FE

Сурет: pixabay.com

Ал кәріз үшін баға  қосымша құн салығын есептегенде әр текшеметрге 49 теңге 29 тиыннан 74 теңге 94 тиынға көтеріледі. Бұрын 5 жылға бекітілген тарифтің өзгеру себебін мамандар табиғи монополиялар туралы заңға өткен жылдың соңында енгізілген өзгерістермен түсіндіреді. Яғни жаңа түзетулерде жалақының өсімі мен стратегиялық маңызды тауар құнының қымбаттауы тарифті қайта қарауға негіз болатыны көрсетілген. «Аймақта орташа жалақының өсуі мен шілде айында электр қуатының құны 20 пайыз жоғарылауы судың бағасы артуына әсер етті», - дейді сала басшылары.

– «Батыс су арнасы» ЖШС  ұсынылған тарифтер өтінімдері қайта қарастырылды. Бұл өтінімдер берудің негізгі мақсаты мекеменің жалақысы.  Департамент ұсынған құжаттарды сараптай келе  мекеменің орташа айлық жалақысын 101 мың теңгеден 2022 жылдың қорытындысы бойынша статистика мәліметінше  167 мың теңгеге дейін өсіммен бекітті. Яғни бұл дегенің шығын баптары 59,5 пайызға орташа айлық жалақысы өсті, - дейді облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Гүлжаз Қазбекова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале