15.09.2023, 10:45
Оқылды: 11

Аудан және қала әкімдерін сайлауға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясында аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға жұмсалатын қаражат көлемі айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ЖП АҚША

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, сайлауға республикалық емес, жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

«Бүгін өңірлер мәслихатының шешімімен 2,2 миллиард теңге бөлінді», - деп жауап берді Мұстафина журналистің сұрағына.

Еске салайық, қарашаның басында Абай облысында Курчатов пен Абай ауданында әкімдер сайланады. Бұдан басқа, Қарағанды облысында да аудан мен қалада екі әкімі таңдалады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдер сайланатынын мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале