15.09.2023, 11:00
Оқылды: 27

Бәйтерек ауданында ағашқа соғылған жүк көлігі жанып кетті

Бәйтерек ауданында ағашқа соғылған жүк көлігі жанып кетті.

D640AA97-E875-4572-8012-500E0A8250C2

Оқиға кеше Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында болды, деп мәлімдеді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

«Сағат 16.31-де Ленин көшесі 2-мекенжай тұсында 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Volvo» автокөлігі ағашқа түйісіп, кейін отқа оранған. Жүк көлігіне киім-кешек тиелген. Тілсіз жау сағат 18.18-де оқшауланып, 21.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департамент құрылымдарынан 19 адам төрт техникамен барды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале