15.09.2023, 15:01
Оқылды: 24

Топ-10: қазақстандық спортшылар Азия ойындарының алтын медалін қай спорт түрлерінен жиі жеңіп алады?

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында ҚХР-ның Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындары өтеді, оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Құрлық біріншілігінде 40-тан астам спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады.

FAB59099-EB4B-4D65-A0D7-808168B1B374

Сурет: sia.ru

Еліміздің спортшылары 7 мәрте жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы саны 155 алтын жүлдеге ие болды, деп жазды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэ есуден жиі жеңіске жетті. Аталған спорт түрінен біздің спортшылардың 24 алтын медалі бар.

Екінші орында жеңіл атлетика. Біздің спортшылар 23 алтын жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова төрт мәрте Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық боксшылар 16 алтын медаль жеңіп алды. Әр жылдары Ермахан Ибраимов, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы сияқты атақты былғары қолғап шеберлері құрлық чемпиондары атанды. Ал, отандық мергендердің қоржынында Азия ойындарының 14 алтын медалі бар.

Қазақстан құрамасының 12 алтын медалін ауыр атлеттер алып келді, ал грек-рим стиліндегі отандық балуандар Азия ойындарында 9 рет жеңіске жетті. Нұрмахан Тыналиев екі рет, 2010 және 2014 жылдары тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.

Қазақстандық велошабандоздар 8 алтын медаль жеңіп алды. Мысалы, Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан Азиадада үш мәрте жеңіске жетті.

Бірден үш спорт түрінің өкілдері 6 алтын медалдан жеңіп алды. Бұл каратэ, су добы және көркем гимнастика. 2018 жылғы ойындарда қазақстандық гимнасттар 2 жиынтық алтын жүлдеге ие болды. Ал су добынан еліміздің ерлер құрамасы - соңғы үш Азиадада қатарынан чемпион атанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале