5.08.2016, 13:08
Оқылды: 30

Кәсіпкерліктің қарқыны жақсара түсті

Кәсіпкерлік саласы бойынша Бөкей орда ауданында өндірілген өнім көлемі жартыжылдықта 1 млрд. 729 млн. теңгені, бюджетке түскен төлемдер 8 млн. 815 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тиісінше 1,2 және 3,3 пайызға артық. 2015 жылы ауданда наубайхана, сүт өнімдерін өндіру цехы, профнастил өндірісі, қамысты қорғандап буу және керамзитоблок өндіретін цехтар іске қосылып, жаңадан 14 жұмыс орны ашылды.5 (1) Соның ішінде қуаттылығы күніне 800-1000 тас шығаратын керамзитоблок өндіру цехы сапалы өніммен халықты қамтуда. Құны 20 млн. теңге тұратын сүт өнімдерін шығару цехы «Аймақтық индустрияландыру картасына» енгізілген. Жыл басынан бері «Жұмыспен қамту – 2020. Жол картасы», «Кәсіпкер» сынды бағдарламалар аясында 23 кәсіпкер 50 млн. 650 мың теңге несие алып, мал өсіру, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын өндіріс орындарын ұйымдастыру ісімен айналысуда. Есепті мерзімде ауданда 2 азық-түлік, 1 шаруашылық дүкені, 1 тойхана, 1 қой жүнінен жайма өндірісі, 1 тігін цехы, 1 наубайхана ашылса, тағы 1 наубайхананың құрылысы аяқталу қарсаңында.
2014-2016 жылдары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 4 кәсіпкерлік жоба – Хан ордасы ауылында пластикалық терезе шығару (Р.Ғұмаров), қолөнер қызметі («Нәзік» ЖК, Н.Оразгелдиева), туризм саласын дамыту («Інжу» ЖК, А.Ғабдешев) және Сайқын ауылында пельмень өндірісі (А.Молдашева) цехы мемлекеттік грантқа ие болды.

Ж.Ордабаев

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале