15.09.2023, 16:00
Оқылды: 65

Сырымда түсіндіру тобы жиын өткізді

Сырым ауданында қаржы пирамидасы мен заңсыз құмар ойындары бойынша түсіндіру тобының жиыны өтті.

B6D90E8E-1B4A-4D2D-A063-4143AA962F50

Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу әзірлемелері тобының аға-қызметкері, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Нұрлыбек Жақсығалиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу әзірлемелері тобының аға-жедел уәкілі, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің майоры Бекет Мерғалиев қатысты.

0CCBB3B7-E86E-4239-A560-BB8662EFFF89

– Қаржы пирамидасы – нақты іскерлік мақсатсыз, нарықтық емес жоғары кірістілік уәдесі бойынша қатысушылардың қаражатын үнемі тартуға негізделген әлеуметтік-экономикалық жүйе. Пирамиданы ұйымдастырушылардың кірісі және қатысушыларға инвестициялық кірісті төлеу жаңа қатысушылардың ағыны болған кезде қалыптасады. Көп деңгейлі пирамидаларда қатысушыларды тарту жаңа қатысушылардың жарналарынан ақшалай төлемдермен ынталандырылады. Өкінішке орай, адамдар әлі де тез және көп ақша табуға үміттеніп, алаяқтардың тұзағына түседі. Азаматтар пассивті табыстың барлық ұсыныстарына, әсіресе интернет желісінде өте сақ болуы керек. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары компанияларды құрып, сенгіш азаматтарға өте жоғары табыс алуды уәде етіп, тартады. Кішігірім табысқа қол жеткізген  алғашқы инвесторлар керемет пайда туралы өздерінің «қуаныштарымен» бөліседі және интернетте бұл жобаны белсенді түрде жарнамалайды, оған туыстарын, достары мен таныстарын тартады. Әдетте, әр қаржы пирамида бірнеше өмірлік кезеңнен тұрады. Біріншісі – қаржылық пирамиданы құру. Әдетте, ұйымдастырушылар бірінші  алғашқы қатысушыларға уәде етілген кірісті өз қаражаттарынан төлейді, дегенмен қатысушылар аз да, үлкен де үлес қосады. Екіншісі – қаржылық пирамиданы танымал ету. Шабыттанған салымшылар өздерінің де қатысушы екенін түсінбей, көбірек салымшыларды, соның ішінде жақындары мен таныстарын тартады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар агрессивті жарнаманы  пайдаланады, негізінен әлеуметтік желілерде, танымал блогерлерді, атақты адамдарды тарта отырып пайдаланады. Осы кезеңде жаңа қатысушыларға сыйақы енді өз қаражаты есебінен емес, жаңадан келгендер есебінен төленеді. Соңғысы – маңызды (сыни) кезең пирамиданың күйреуі. Бұл қатысушылардың белгілі бір саны және үлкен сома жиналған кезде пайда болады. Тез және оңай ақша табуға сенген адамдар ешқандай қорғау мүмкіндігінсіз, сыйақысыз және өз қаражатынсыз қалады, өйткені Қазақстандағы қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз болып табылады, демек, пирамида ұйымдастырушыларымен қол қойылған барлық құжаттардың іс жүзінде заңды күші жоқ. Естеріңізге сала кетейік, қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы жоқ. Мұндай сөз бар – «оңай ақша жоқ», бірақ адамдар жинақтарын көбейтудің ең оңай жолын іздейді,  - дейді Нұрлыбек Жаңабайұлы.

Айжан Бауыржанқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале