18.09.2023, 9:30
Оқылды: 45

Франция елінде iPhone 12-ні сатуға тыйым салынды

Өйткені смартфон шамадан тыс электромагниттік сәуле шығарады. Жиілік жөніндегі ұлттық агенттік мамандары осылай дейді, деп жазды 24.kz.

805DF222-961A-4E03-9D83-6B29222DC203

Cурет: pixabay.com

Бірақ Apple мұнымен келіскісі жоқ. Компания өкілдерінің айтуынша, iPhone 12 әртүрлі халықаралық ұйымдардың сертификаттарына ие екенін және радиация саласында қолданылатын барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес деп танылған.

Десе де Франция билігі бұл телефонды тиісті нормаға сәйкестендіру керегін айтып, америкалық корпорацияға 2 апта уақыт берді.

Егер талап орындалмаса, Apple ел аумағындағы барлық iPhone 12-ні кері қайтаруы керек болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале