19.09.2023, 10:45
Оқылды: 19

Оралға қонған ұшақта 17 жастағы қыз қайтыс болды

Tour Dom.ru сайтының мәліметіне қарағанда, Turkish Airlines әуекомпаниясының Қазаннан Аланияға ұшып бара жатқан рейсінде 17 жастағы қыз қайтыс болды. 

аэропорт

Әуежайдың онлайн таблосындағы мәлімет бойынша, ұшақ Қазаннан 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те ұшқан, деп жазды Massaget.kz.

Бір сәтте 17 жастағы мүгедек қыздың жағдайы нашарлай бастаған. Қыздың жүрегі тоқтап қалған.

Рейсте екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыру жасаған. Алайда қызды аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Лайнер Оралдағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. 

Сағат 16.30-да Boeing 737 Оралдан ұшып, сағат 20.05-те Трабзонға жанармай құюға қонған. Туристер Антальяға сағат 00.20-да жеткен. 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале