20.09.2023, 9:15
Оқылды: 43

Ақтаулық түлектер жарықшам орнатты

Соңғы уақытта ауыл жаққа алаңдап, қайтсем бір кетігіне кірпіш болып қалансам екен деген ізгі ниетте жүргендер сүйсіндіруде. Туған жерден жырақта жүрсе де ауылындағы кейбір мәселелерге барынша қөмек, қолдау көрсетуге талпынып жатады.

8793EFF9-7040-4838-9C9C-85512EF397D5

Соның тағы бір айқын дәлелі – Шыңғырлау ауданына қарасты Ақтау ауылдық округіндегі орта мектептен түлеп ұшқан түлектердің жәрдемі.

Жуырда Ақтаудағы орта мектепті 1988 жылы бітірген түлектер ауылдың кіреберісіндегі бес бағанаға күн сәулесімен қуатталатын жарықшамдар орнатып кетті.

Самаладай жарқыраған шамдар ауылға кірер жолды жарқыратып, туған үйге жол сілтейді.

Түлектердің бұл игі ісіне разы жұртшылық «жақсылық жасасаң – ауылыңа жаса» десуде.

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале