20.09.2023, 12:45
Оқылды: 36

Қазақстандықтардың 30%-дан астамы медициналық тексеруден тұрақты өтпейді

Қазақстандықтардың 30%-дан астамы тұрақты тексеруден өтпейді. Денсаулық сақтау саласына байланысты жүргізілген халықаралық зерттеу берген мәлімет осындай, деп хабарлайды 24.kz.

D1F2ACBD-FF47-4FD1-9150-F23A5C7868EE

Сурет: pixabay.com

Бүгін Еуропадағы ең беделді салалық зерттеу нәтижелері таныстырылды. Оған еуропалық 15 мемлекетпен қатар біздің ел де қатысты. Қазақстанда зерттеу екінші жыл қатарынан жүргізіліп отыр. Ол үшін еуропаның белгілі компаниясы арнайы сауалнама тастаған. Мәселен, скрининг бойынша гинекологиялық тексеруден қазақстандықтардың 80 пайызы үнемі өтіп тұрады.

Сонымен қатар әрбір алтыншы отандасымыз тұрақты түрде жалпы тексеруден өтетінін айтқан. Сауалнамаға әр елден 2000-ға жуық адам қатысты. Биылғы есепке Өзбекстан туралы деректер алғаш рет енгізілді.

– Біз жүргізген есепте қазақстандықтардың өз денсаулығына қалай қарайтынын, қандай мәселелерге көңіл бөлетінін, сондай-ақ салалық министрліктен не күтетіні жайлы өзекті сауалнама жүргіздік. Халықаралық зерттеу халықтың мінез-құлқын, фармацевтикалық және медициналық сауат деңгейін айқындайды. Алынған деректер арқылы медицинаның деңгейі мен адамдардың салауатты өмір салтына деген құлшынысын білуге болады, - дейді халықаралық зерттеу компаниясының Еуразия өңіріндегі вице-президенті Арминас Мацевичус.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале