20.09.2023, 14:45
Оқылды: 23

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заң жобасын әзірледі

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау үшін қорғаныс ведомствосы 2023 жылғы 27 ақпандағы №13-18/877 аумақтық қорғанысты ұйымдастыру тиімділігін арттыру және аумақтық әскерлерді дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» салалық заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

4F61121C-9BC1-4DCA-9A74-7971B691FB91

Басқа мемлекеттердің аумақтық әскерлерінің (күштерінің) талдауын, тәжірибесі мен оларды қолдану сабақтарын ескере отырып әзірленген «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қоғамдық қатынастарды реттейді және тұтастай алғанда аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді деп күтілуде.

«Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобаларының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 10 қазанына дейін мына  https;//legalacts.egov.kz/npa/view?id=14713015, https;//legalacts.egov.kz/npa/view?id=14713025  сілтемелер арқылы танысуға болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале