20.09.2023, 16:45
Оқылды: 12

Оралда офицерлердің жиыны басталды

Бүгін Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылыққа қарасты Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен қалаларынан келген 20-ға жуық тәрбиеші офицерлердің басын қосқан оқу-әдістемелік жиын басталды, деп мәлімдеді ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері, капитан Ертуған Әубәкір.

72BA0E6E-38D2-4D39-BE98-7326B9814918

Аталмыш жиынды өткізудегі басты мақсат – Отанымызды қорғау жолында аянбай қызмет атқарып жүрген офицерлерімізбен, әскери бөлімдерде идеологиялық жұмысты дұрыс ұйымдастыру, тәжірбие алмасу, озық тәжірбиені насихаттау бойынша сабақтар өткізіп, әскери дағдылырын, біліктіліктері мен білімдерін шыңдау.  

Жиынның алғашқы күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов өзінің өткізген сабағында ҚР Ұлттық ұлан жеке құрамымен тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру туралы № 270 құжатқа кеңінен тоқталып өтті.

42D1FA27-EC47-4918-BA80-380E08B43DD5

Сонымен қатар жиын барысында сөз алған запастағы полковник Мұрат Атибеев, тәрбиеші офицерлермен өзінің еңбек жолындағы тәжірбиесімен бөлісіп, әскери бөлімдерге келген жас сарбаздарды әскери өмірге бейімдеу туралы ағалық кеңесімен бөлісті.

24D97057-945E-4158-B2CB-24374B710AD8

Жиын алдағы үш күн бойы жалғасады. Тәрбиеші офицерлермен лекция, семинар, нұсқаулық- әдістемелік, оқу-жаттығу сабақтары өткізіліп, жиын тестілеу және дене даярлығынан сынақ тапсырумен аяқталады.  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале