20.09.2023, 16:15
Оқылды: 51

Қайыңды ауылындағы мәдениет үйінің құрылысына бақылау күшеймек

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сәкен Ишанов айтты. 19 қыркүйек күні партияның аудандық филиалының төрағасы Қайыңды ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің алаңында болып, құрылыс қарқынын сынға алды.

BAB5D1D8-F37F-4C70-BB76-DF303D01538B

Мәдениет үйінің құрылысына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталды. Мердігер «ДаренСтройСервис» ЖШС өкілі Асылхан Ысқақовтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта нысанды байланыс желілерімен қамтамасыз ету және іргесін қалау жұмыстары аяқталған.

– Құрылысқа қажетті жабдықтар толығымен уақытында жеткізілуде. Тас қалаушы құрылысшылар келеді деп жоспарланып отыр. Қазір нысанға байланыс желілерін орнату жұмыстары толығымен жүргізіліп, іргесі қаланды. Енді тас қалау жұмыстарын жүргізіп, осы күз айларында төбесін жабуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

1C1F0446-6FFB-4B56-B0F3-8F824CA08112

Құрылыс алаңынан тек дәнекерлеуші мен ауыр техника тізгіндеген ауыл азаматын ғана байқадық. Жұмыстың бәсеңдігіне назар аударған партияның аудандық филиалының төрағасы Сәкен Сәлімжанұлы нысанның құрылыс қарқыны бақылауда болатынын жеткізді.

– Мәдениет үйінің құрылысы жергілікті тұрғындар үшін маңызы зор жоба. Бұл мәдени-көпшілік іс-шаралардың, ауыл кітапханасының ордасы болмақ. Алайда жұмыс қарқыны баяу. Ертең тас қалаушы азаматтар келеді деп отырсыз. Жарайды. Келер аптатағы да партиялық бақылау жүргіземіз. Егер құрылыс жұмыстарында ілгерілеушілік байқалмаса тиісті шараны қолға аламыз. Қайыңдыға мәдениет үйін салу «AMANAT» партиясының Казталов аудандық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасында көрсетілген. Сондықтан құрылыс алаңында партиялық бақылау бекетін ашып, құрылысқа бақылауды күшейтеміз, - деді.

547D9C6B-03F7-43E5-8477-FCD5DE92A7F4

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жұмысты үдетеміз деп сапаны назардан тысқалдырмау қажеттігін де ескертті. Халыққа құрғақ уәде емес, сапалы әрі заманауи нысан қажет. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жылға жопарланғанымен арқаны кеңге жайып, жабасарлыққа салынуға болмайды. Өйткені қоян жылындағы қыс пен көктемнің жәйі бізге беймәлім. Бұған мердігер де, тапсырыс беруші де назар аударып, құрылыс қарқынын арттырған жөн.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале