20.09.2023, 17:45
Оқылды: 5

Жаңақалада балаға екпе салдыру мәселесі талқыланды

Елді елеңдетіп отырған мәселенің бірі – екпе. Бұл – балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егіледі.

1E016F54-C6BA-48B6-A587-65BB377449BE

Өкінішке орай, екпе егуге қарсы ата-аналар көбейді.

Денсаулық сақтау қызметкерлері болса баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда. Мамандардың пікірі екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды. Мұны дамыған елдердің медицинасы әлдеқашан мойындап қойған.

Бүгін осыған орай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға аудандық ауруханадан, мәслихат, білім бөлімдерінен мамандар қатысты. Аталмыш мекеме басқарма басшысы жиынды ашып, мақсатын түсіндірді.

Жалпы осы бағыт бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығы және аудан бойынша есепте қанша бала екпе алмай отырғандығы туралы санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының жетекші маманы баяндама жасады.

Аруғаным Берікқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале