21.09.2023, 10:16
Оқылды: 15

Мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Елімізде мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп жазады 24.kz.

C195218E-3000-474B-A37E-5E0770FECEF1

Ашық дереккөзден

Заңсыз әрекеттерден шығын көлемі 22 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Көбінде мекемелер мердігерлерге көрсетілмеген қызметі немесе жетізілмеген тауары үшін ақша аударып отырған.

Оны қазіргі таңда іске қосылған жаңа Электронды мемлекеттік аудит анықтаған. Қашықтан тексеру әдісі, тіпті миллиардтаған бюджет қаражатын арнайы тексеруге мүмкіндік береді екен.

Бұл ретте ведомство өкілдері алдағы уақытта да «электронды аудит» өз игілігін көрсетеді деп отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале