14 қыркүйек күні Январцев ауылының тұрғыны 1972 және 1979 жылы туған ауылдастарына дене жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Жәбірленушілер түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Келтірілген дене жарақаты салдарынан 1972 жылы туған Январцев ауылының тұрғыны ес жимастан ауруханада қаза болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Приурал Пб қызметкерлері 1993 жылы туған аталған ауылдың тұрғынын анықтап, қолға түсірді.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлады ведомстводан.
zhaikpress.kz