24.09.2023, 9:17
Оқылды: 47

Ауыл әкімі сайлауы басталды

Бүгін Теректі ауданының Богдановка ауылдық округінде жергілікті әкім сайлауы өтуде.

сайлау богдан

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2-тармақтарына сәйкес тағайындалған сайлау округ аумағындағы екі учаскеде таңғы сағат 7:00-де ашылып, салтанатты түрде мемлекеттік Әнұран орындалуымен басталды.

Екі учаскеде барлығы 486 адам дауыс береді. Богдановка ауылындағы №369 сайлау учаскесінде 317 адам, Алғабас ауылындағы №372 учаскеде 169 адам өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, ауылдық округ әкімін сайлауға қатысады.

Ауыл адамдары сайлауға жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскесі ашылған бойда келіп жатыр.

IMG-20230924-WA0001

Мысалы, Алғабас ауылының байырғы тұрғыны, теміржолшы Әнуарбек Асқарұлы осы сайлауда №372 учаскесінде ең алғаш болып бюллетень салған азамат.

Ал №369 сайлау учаскесінде алғаш болып Богдановка негізгі мектебінің мұғалімі Нәбия Сисенова дауыс берді.

Ол сайлаушыларға учаскелік комиссия естелік сыйлық ұсынып, азаматтық белсенділігі үшін алғыс айтты.

Округ аумағындағы қос сайлау учаскесі тәртіпке сай, сағат 20-00-ге дейін жұмыс жасайды.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале