- Кіндік қаным тамған, туған жерім — Талдыапан ауылының тыныс-тіршілігі мен оның жарқын болашағы осы елдің перзенті ретінде мені қатты алаңдатаны рас. Сондықтан бүгінгі әкім сайлауында азаматтық мүмкіндігімді мүлт жібермей, алғашқылардың бірі болып, өз таңдауымды жасадым.
Жалпы, талдыапандық ағайындар ауыл әкімін сайлау үшін дауыс беруге белсенді қатысады деп сенемін.
Болашақта таңдауларын жасаған ауылдастарым, тұрғындар сенімімен сайланған жаңа әкіммен бірге туған ауылымызды көркейте берсін, - дейді алғашқы лекпен дауыс берген ауыл тұрғыны, сыйлы ұстаз Тимур Бержанов.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz