25.09.2023, 17:45
Оқылды: 30

17 жыл құлдықта болған қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Назгүл бен Құндыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр. Бұл туралы қыздардың үйіне қонаққа барған журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

e1975daf-80ac-4d60-b7c5-6a90e2fa4012

Фото видеодан кадр

Журналистің айтуынша, қыздар қазір үш аптадан бері кешенді ем қабылдап жатыр.

"Апалы-сіңлі кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар, олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалау үшін күтуші жалдадық. Қыздар үш ай бойы емді Алматы қаласында қабылдайды", - деп жазды ол.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оқыс жағдайда қайтыс болған інілерінің өлімі қалай орын алғанын анықтау үшін тілшілер дәлелдер жинауда. Таяуда ашылмаған басқа да жайттарды эфирде тәптіштеп айтамыз" ,- деді журналист.

Еске салайық, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны хабарланған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан.

А. Жайыққызы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале