53 жасар әйел адам алған жарақат салдарынан қайтыс болған, - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 25 қыркүйек күні таңғы 9:30-дар шамасында болған.
- «Алтын алма» базары тұсындағы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 1970 жылғы әйел адамды «КамАЗ» автокөлігі қағып кетті. Әйел адамды дереу ауруханаға жеткізді, алайда оны құтқарып қалу мүмкін болмады, - деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, экспертиза тағайындалған.
zhaikpress.kz