27.09.2023, 15:30
Оқылды: 47

314 адамның сеніміне ие болды  

 

Күні кеше жергілікті әкім сайлауы өткен Богдановка ауылдық округіне Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев барды.

1 аскар назначение

Еске сала кетейік, жексенбіде өткен сайлауға богдановтықтар өте белсенді қатысты. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 486 адамның 401 дауыс берген. Соның ішінде Л.Кибашеваға – 4, А.Нұрғалиевқа – 314, Т.Токпаевқа – 77 дауыс берілген.

Сайлау нәтижесінде сайлаушылардың 79,5 пайызының қолдауына ие болған Асқар Нұрғалиев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №86 шешіміне сәйкес Богдановка ауылдық округінің сайланған әкімі болып тіркелді.

2019 жылдың қарашасынан бері осы округті басқарып келе жатқан Асқар Серікұлы ұжымға да, ауыл тұрғындарына да жете таныс. Әсіресе, тоған тазалау, газ жеткізу істерінде шаруашылыққа ептілігімен халық көңілінен шықты.

Сайлау нәтижесіне кеңірек тоқталған Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев жаңа мерзімге сайланған Асқар Нұрғалиевке куәлік табыстады.

Округ әкімі сайлауын нәтижелі аяқтап, сайлау тәртібінен ауытқымай қызмет жасаған №369 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Елена Кисель мен №372 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Ақзидаш Мергенова Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының алғысхатына ие болды. Марапатты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев табыс етті.

Жерлестерінің сеніміне ие болған Асқар Серікұлына аудан әкімі, ауыл белсенділері жұмысына сәттілік тіледі.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале