ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап аудан басшыларын тұрғындардың өздері сайлайтын болады.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс VI күні өткен сессиясында депутаттардың шешімімен пилоттық әкім сайлауын өткізу Бөкейорда, Тасқала, Қаратөбе аудандарында өтетін болып бекітіліп, сайлау күні 5 қарашаға жоспарланды.
Осыған орай Тасқала ауылындағы мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы «Білім» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті.
Жиынға партияның аудандық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Люция Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы, «Білім» БПҰ төрайымы Бибігүл Батырова мен партия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX конференциясына делегат сайлау мәселесі қаралып, филиал төрағасы Люция Жұбанышқалиева күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.
«Білім» БПҰ төрайымы Бибігүл Батырова аудандық конференцияға қатысатын делегаттар тізімін таныстырды. Конференция 28 қыркүйек күні өтеді деп жоспарлануда.
"AMANAT" БҚОФ
Баспасөз қызметі