27.09.2023, 22:44
Оқылды: 50

Басты мақсат – халық қауіпсіздігі

Кеше Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ернұр Өтегенов Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары кезінде ол аудан орталығындағы №21 өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысты. 

FB_IMG_1695825953548

Бекетті аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен департамент бастығы Ернұр Сапарұлы бірге аралап, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаев мекеменің тыныс-тіршілігін егжей-тегжейлі айтып өтті.

FB_IMG_1695825963021

Сонымен қатар олар авариялық-құтқару құрамаларының, азаматтық қорғау қызметінің дайындығын тексерді. Жұмыс сапардың басты мақсаты су тасқынына қарсы жоспарының орындалуын, қыс мезгілінде қандай да бір төтенше жағдайды алдын алу, олардың зардабтарын жоюға қатысатын күштер мен құралдардың әзірлігін және өзара іс-қимылдарын нақтылау еді. Бұл дегеніміз – халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндет болып саналады.

FB_IMG_1695825958194

Әрмен қарай Ернұр Сапарұлы төтенше жағдар бөлімі мен аудандық №21 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен жиын өткізді. Жиында жеке құрамдағы тәртіптің сақталуы, құқықбұзушылықтарды алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша әңгіме өрбіді. Жиын барысында мекеме қызметкерлері арасында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале