28.09.2023, 11:30
Оқылды: 106

Батыс Қазақстанның тыңды игеруге қосқан үлесі қандай?

1954-1959 жылдары Қазақстанда «Тың және тыңайған жерлерді игеру» бағдарламасы басталды. Оған Одақтық бюджеттен 20 миллиард көлемінде қаражат бөлінген.

жп дала

Біздің облыста тың және тыңайған жерлерді игеру барысында қосымша 1,5 миллион гектар жер жыртылды. Нәтижесінде облыс көлемінде 18 тың жерді игеретін жаңа колхоздар мен облыстың аудандарында ірілендірілген 47 совхоз құрылды.

Облыс бойынша 1950-1960 жылдары 101 миллион пұт, 1966-1970 жылдары 273 миллион пұт, ал 1971-1975 жылдары орта есеппен 70 миллион пұт астық дақылы өткізіліп отырылды.

Тың игеру жұмысы облыс көлемінде мал шаруашылығының дамуына ықпал етті.

Айталық, 1954 жылы облыста ірі қара 354 мың бас, қой саны 1 млн 15 мың, шошқа 20 мың, құс 47 мың бас болса, 1974 жылғы санақта ірі қара 533 мың басқа, қой 2 млн 619 мың басқа, шошқа 72 мың басқа, құс 249 мың басқа артқан.

Осылайша облыс бойынша 1954-1974 жылдары ірі қара 1,5 есеге, қой 2,5 есеге, шошқа 3,6 есеге, құс өсіру 5,3 есеге өсті.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале