29.09.2023, 17:30
Оқылды: 84

Еңбек нарығын дамыту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ 26 қазанда Астанада «Өзгерістер дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартпалар және перспективалар» атты халықаралық конференция өткізеді.

енбек

Министрліктің хабарлауынша, шараға 15-тен астам елдің халықаралық деңгейдегі сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының, консалтингтік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.

Конференция шеңберінде әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен перспективалары, жаһандық еңбек нарығының даму тенденциялары, сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері және оларға бизнес-ортаның әсері, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қажетті өзгерістер, сондай-ақ әлемде адами капиталды дамыту мәселелері сияқты өзекті мәселелер талқыланады.

Тақырыптық сессиялардың бірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері, сондай-ақ мамандар мен бизнеске заманауи технологиялар беретін жаңа перспективалар мәселесі қаралады.

Іс-шара мамандарға, еңбек нарығының сарапшыларына және мүдделі тараптарға тәжірибе мен білім алмасуға, проблемаларды, қиындықтарды анықтауға және олардың ықтимал шешімдерін талқылауға бірегей мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале