29.09.2023, 19:53
Оқылды: 65

Басты тақырып – сайлауалды бағдарлама

Бүгін БҚО мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Софья Салахиденқызының төрағалығымен Фракция отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы және облыстық мәслихат төрағасы – Мұрат Мұқаев және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері, облыстық партия филиалының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG-20230929-WA0324

Жиын барысында «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіш тармақтарының орындалуын қадағалау мақсатында жауапты мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, фракция мүшелерінің бағдарлама аясындағы тармақтардың орындалуын қадағалау жұмыстары туралы сөз болды.

IMG-20230929-WA0326

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары - Клара Жәрдемқызы сөз сөйледі. Ол өз есебін беру барысында ағымдағы жылы апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою үшін бюджет есебінен 23 мектептің құрылысы басталып, 3-уі тапсырылғандығын (Бәйтерек ауданының Жалын ауылы, Теректі ауданының Пойма ауылы, Казталов ауданының Жұлдыз ауылы) және жыл сонына дейін 18 мектептің құрылысын аяқтау жоспарда тұрғандығын жеткізді. Одан өзге бүгінгі күні 1 үш ауысымды (Орал қаласындағы №18), 2 апатты (Казталов ауданының Сарықұдық, Жұлдыз) және 4 оқу орны тапшылығы бар (Бәйтерек ауданының Жамбыл, Щапово, Жалын ауылдары, Теректі ауданы Пойма) мектептердің мәселесі шешілгендігін айтты.

IMG-20230929-WA0328

Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы - Сайран Темірғалиұлы сөз алды. Ол «АМАNАТ» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына «5 мәдениет нысанын ашу», «35 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізу» сынды көрсеткіштер енгізілгендігін және көрсеткіштердің қазіргі таңдағы орындалу нәтижесімен бөлісті.

Күн тәртібі бойынша келесі сөз кезегі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы - Жеңіс Махамбетұлына берілді. Ол өз кезегінде Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар санын көбейту сынды қоғамдық маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің, спорт кешені мен спорт алаңдарының құрылысына қатысты жоспарын, жоспардың орындалу тәртібін баяндады.

Фракцияға қатысушылар жиын барысында өздерінің ұсыныстарын да жеткізді. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарға айырықша жағдай жасауға қатысты ұсыныстар да болды. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мұражайларға арнайы бара алмайтындықтан, оларға ыңғайлы мобильді программаларды құру қажеттігі сөз болды. Бөрлі мен Казталов ауданындарынан сайланған облыс депутаттарына орындалмау тәуекелі бар мектеп құрылыстарына қатаң партиялық бақылау жүргізу ұсынылды. Одан өзге, Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты біршама ойлар айтылды. Сонымен қатар, әр салаға қатысты бюджеттің дұрыс әрі нақты бөлінуін қадағалау және депутаттарға қазіргі таңда жан-жақтылықты жетілдіріп, әлеуметтік желі де барынша белсенді болуға шақырды.

IMG-20230929-WA0327

Фракция отырысының қортындысына сәйкес, «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің орындалуын қадағалау мақсатында жауапты мемлекеттік мекемелер басшыларының есептері қаперге алынуы міндеттеліп, шешім шығарылды.

"AMANAT" партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале