Осыдан бір ай бұрын Жаңақала ауданында күзгі жәрмеңке басталған болатын. Міне сол жәрмеңкенің бүгін кезекті күні өз жалғасын тауып, жерлестер ауыл шаруашылығы өнімдерін сәл болса да базар бағасынан төмен бағада алуға қол жеткізді.
Бүгінгі жәрмеңкеге қой, ешкі, ірі қара еттері мен балық өнімдері сатылды.
Бағаларына тоқталсақ май – 5500-6000 тг, ет – 2100, шөп – 7000, картоп – 3000, асқабақ кг – 100т, құрт, қаймақ, айран сияқты сүт өнімдері, жәрмеңке сөресінің көркін қыздырды.
Жәрмеңкеге ұсынылған өнімдердің барлығыда күнделікті бағаға қарағанда қолжетімді.
Аруғаным Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz