Бүгін аудандық Жаңақала колледжінде "Ұлы дала ауыл бизнесін дамыту" ассоциациясының қаржы сарапшысы Анархан Кұттығалиеваның жүргізуімен қаржылық сауаттылық жеке немесе отбасылық бюджетті басқару бойынша дұрыс және салмақты шешімдер қабылдауға көмектесетін халықтың хабардарлығын, қаржылық білімі мен дағдыларын, мінез-құлық үлгілерін жақсартуға бағытталған "Қарызсыз қоғам" атты жиын ұйымдастырылды.
Бұл шара жалпы жауапкершілікті түсіну, міндеттеменің салдарын түсіндіру және отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыру үшін жүргізілді.
Әрине қазіргі кезде онлайн міндеттемелердің пайда болуы, қарыз пирамидалары, несие ресурстарын қайтара алмау қоғамның басты мәселелесі болып отыр. Бұл жоба аясында сарапшылар тұрғындарға қаржы түсінігі мен мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызының санын азайту жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырды.
Жоба аясында адамдар бизнес жоспар құруға, жеке және отбасылық бюджеттің жоспарлануын, қаржылық мақсаттарды дұрыс қою мен оған жету үшін жасалатын қадамдар туралы толыққанды ақпараттар алды.
Шара барысында студенттер өздерінің дайындаған бизнес жоспарларымен таныстырды. Содан соң "Қаржылық сауаттылықты арттыру" бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған студенттерге арнайы сертификаттары табыс етілді.
Кеш соңы жиналған қауымның естелік суретке түсуімен қорытындыланды.
Жанна Миха
Жаңақалада ауданы
zhaikpress.kz