30.09.2023, 23:05
Оқылды: 69

Хан ордасына жақсы жаңалық 

Хан ордасы – Бөкей ордасы ауданының жауһары. Келімді-кетімді қонағы үзілмейтін іргелі ауыл. Туристтер көз тіккен ауылда қонақ күтерлік заманауи орынның​ жоқтығы әттегенайымыздың бірі еді. Кеше осы бір олқылықтың орнын толтырарлық жаңалық болды. Қасиетті жұма күні Хан Ордасы ауылында​ "Ләззат" атты​ кафе-асханасы пайдалануға берілді.

FB_IMG_1696094516089

Заманауи тұрғыдан әдемі де, ыңғайлы жасақталған нысанды іске қосып отырған ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Талғат, Ұлжан Ғазезовтар. Кафе-асхана соңғы үлгіде дәстүрлі, ұлттық нақыштарды үлестіре отырып безендіріліп, жиһаздармен жабдықталған.

FB_IMG_1696094559194

Ғимарат 112 орындық асханадан, 16 кісілік қонақ бөлмесі, 16 кісілік караоке бөлмесіне лайықталып салынған.​

FB_IMG_1696094534729

Нысанның ашылу салтанатына​ ​қатысқан ауылдастар кәсіп иелеріне игі тілегін білдіріп, ақсақалдарымыз​ баталарын берді.

FB_IMG_1696094553939

Өз кезегінде кәсіп иелері Талғат, Ұлжан Ғазезовтар қуанышын бөлісуге келген жандарға ризашылығын білдіріп, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, бастаған ісін әрмен қарай дамыту үшін бар күш-жігерін салатынын​ жеткізді.

FB_IMG_1696094556632

Кафе ауыл тұрғындары мен қонақтарына кен ассортиментті тағам түрлерін, қоғамдық тамақтану және банкеттік іс-шаралар қызметін ұсынбақ.

FB_IMG_1696094540460

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале