1.10.2023, 18:29
Оқылды: 73

Қазыналы қарттарды құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында Орал қаласындағы қарт адамдарға арналған медико-әлеуметтік мекемеге барып, тұрғындармен кездесті.

PHOTO-2023-10-01-10-37-31
Аталмыш шара генерал-майор Қайрат Үмбетовтың «Батыс» өңірлік қолбасшылығына жасалған жұмыс сапары аясында өтті.

PHOTO-2023-10-01-10-37-31 (4)
Халық Қаһарманын мекеме басшысы Арман Дәулетов қарсы алып, өз алғысын білдірді. Мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен тұрғындардың құрамы туралы әңгімелеп берді.

PHOTO-2023-10-01-10-37-31 (2)

Өз кезегінде генерал-майор Қайрат Үмбетов қарт азаматтармен амандасып, қал-жағдайларын сұрады. Содан кейін, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан баршаларын «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады.
- Мекеме басшылығына бүгінгі жұмыстары үшін алғысымды білдіремін. Сідердің еңбектеріңіз құрметке лайықты. Сіздер тағдырдың жазуымен осы ғимаратқа түскен қазыналы қарттарымызға күтім көрсетіп келесіздер. Осындай мерейлі мереке қарсаңында егде жастағы тұрғындарды құттықтап, ашық аспан, зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін, - деген әскердің Бас тәрбиешісі ұландықтар атынан мекеме басшысына бағалы сыйлықтарды табыс етті.

PHOTO-2023-10-01-10-37-31 (1)
Шара соңы Ұлттық ұлан 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрінің ұйымдастырылған мерекелік концертіне ұласты. Ұландық өнерпаздар соғыс жылдарындағы және патриоттық әндерді орындау арқылы жиналған қауымды тәнті етті. Сол мекемеде орналасқан қазыналы қарттарымыз әскери бөлім өнерпаздарының өнеріне тәнті болып, қол шапалақтап қошемет көрсетіп, алғыстарын білдірді.

ҚР Ұлттық ұланының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале