Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов 1 қазан – Халықаралық қариялар күнімен күйгенкөлдік 98 жастағы Орынша Темірованы құттықтады.
- Сіздердей дана қарттарды мәңгілік қадірлеу бізге парыз. Кез келген бағытта қолдауға дайынбыз. Мерекеңіз құтты болсын. Ұрпақ қызығын көріп, ғасыр жасаңыз,- деді өз сөзінде.
Толқыған әжей ағынан жарылып, әңгімесін айтып, батасын берді.
- Көзім көрмегенімен мен бәрін сеземін. Көңіл бөліп, арнайы келгендеріңе бек ризамын. Қазір керемет заман ғой. Ұрпақтарымның арқасында ештеңеден таршылық көрмей, ортасында бар білгенімді айтып отырмын. Елге қызмет етуден шаршамаңдар. Мың жасаңдар, айналайындар,- деді ғасырға жақындаған Орынша әже.
Оның айтуынша, осы кезге дейін дәрігерлерден ем алу қиындық келтірген. Алтын құрсақты кейуанаға аудан басшысы Тимур Серікұлы ол мәселе шешілетінін жеткізді. Аумалы да төкпелі заманның куәгері болған қариялар осы кезеңде бейнет көрмеуі тиіс.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz